«Ұлттық кітап» республикалық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдануда

Қазақстанда Ұлттық кітап күніне орайластырылған «Ұлттық кітап» республикалық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.

Ол 10 аталым бойынша өтеді:

1) Балаларға арналған үздік кітап;

2) Үздік комикс;

3) Нон-фикшн жанрындағы үздік кітап;

4) Детектив жанрындағы үздік кітап;

5) Сатира жанрындағы үздік кітап;

6) Үздік иллюстрациялық кітап;

7) Үздік аударма кітабы;

8) Фантастика жанрындағы үздік кітап;

9) Үздік баспа;

10) «Жыл кітабы» Гран-при сыйлығы.

Байқауға қатысуға соңғы 2 жылда жарық көрген туындылар қабылданады. Өтінімдер 2025 жылдың 15 қаңтарынан 1 сәуіріне дейін қабылданады.

Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: + 7-775-897-7-88, +7-727-397-61-15.

Байқауды Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды. Оның негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, қазақ әдебиеті мен руханиятының дамуына ықпал ету, үздік кітап авторларын анықтау, аудармашыларды, баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау және ынталандыру.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен 23 сәуірде атап өтілетін жаңа мереке – Ұлттық кітап күні бекітілді.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша