Ұлттық банктің Президентке берген есебі

Ұлттық банктің Президентке берген есебінен:

— депозиттерді доллармен салу деңгейі 36,0 пайызға төмендеген, мемлекеттік құнды қағаздағы нарықтық инвесторлардың үлесі 69,2 пайызға көбейген және халықтың қолма-қол ақшасыз төлем жасау операцияларының көлемі 73,1 триллион теңгеге жеткен.

— 2021 жылы депозиттер 27,1 триллион теңгеге дейін, соның ішінде теңгемен салынған депозиттер 17,3 триллион теңгеге дейін өсті.

— қабылданған шаралардың арқасында Қазақстан экономикасының өсімі 2021 жылы 4,1 пайыз болған.

— акциялар нарықтың өсуіне орай теңгерімді аллокацияға көшкен. Бұл соңғы 3 жыл ішінде Қордың кірісін 10,75 миллиард долларға жеткізуге мүмкіндік берді.

— 2021 жылы Ұлттық төлем жүйесінің Төлем карталарының банкаралық жүйесі мен Жедел төлем жүйесі сияқты компоненттері пилоттық режимде іске қосылған. Сондай-ақ цифрлық теңге платформасының прототипін әзірлеу жұмыстары аяқталған.

@ptrkkz