Әлихан Смайылов Ақтөбе облысын дамытудың басым міндеттерін белгіледі

Жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді.
Кеңес барысында облыс әкімі Оңдасын Оразалин, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев баяндама жасады.
ҚР Премьер-Министрі Ақтөбе облысының еліміздің маңызды өнеркәсіптік және аграрлық өңірлерінің бірі екенін атап өтті. Мұнда мұнай өңдеу, құрылыс және азық-түлік өнімдері өндірісі белсенді түрде дамып келеді.
2022 жылы республикалық бюджеттің нақтылануын ескере отырып, өңірді дамытуға 150 млрд теңгеден астам қаражат бағытталады. Бұл қаражат жолдарды жөндеуге және реконструкциялауға, газ тасымалдау жүйесін дамытуға, тұрғын үй құрылысына, ТКШ және коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларға, денсаулық сақтауды, агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға, сондай-ақ жергілікті тұрғындарды өнімді жұмыспен қамтуға жұмсалады.

Премьер-Министр азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін азық-түлік тапшылығының алдын алу және сауда үстемесін бақылау бойынша жоспарға сай жұмыс жүргізу қажет екенін атап өтті.