Әлихан Бөкейхан ауданында – жаңа әкім

Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі болып Күлекеев Досбол Батырбекұлы тағайындалды.

Досбол Батырбекұлы 1981 жылы туған. Жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 2002 жылы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ инвестициялық жобаларды несиелеу басқармасының менеджері болып бастады.

2007-2015 жылдары Астана қаласында «Интергаз Орталық Азия» АҚ-нда түрлі лауазымда қызмет атқарды.

2015 жылдан 2022 жылға дейін Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС, сондай-ақ Астана және Павлодар қалалары бойынша «Petro Retail» ЖШС орталық филиалында басшылық қызмет атқарды.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС корпоративтік мәселелер жөніндегі бас директор орынбасарының лауазымын атқарды.