Әлемдегі коронавирус

Әлемдегі коронавирус. Жаңалықтар:

🔺Тайландта 21 шілдеден бастап коронавирус кең таралған аймақтарға ішкі рейстер тоқтатылады. Жекелеген аймақтарға рейстерді орындауды жалғастыратын авиатасымалдаушылар әуе кемесіндегі жолаушылар санын жалпы сыйымдылықтың 50%-ына дейін шектеуі керек.

🔺Өзбекстанда бірқатар санаттағы азаматтарға міндетті вакцинация енгізілді. Атап айтқанда, сауда және қоғамдық тамақтану саласындағы қызметкерлер, медициналық және білім беру мекемелерінің қызметкерлері, сондай-ақ әскери қызметкерлер мен полиция қызметкерлері екпе алуға міндеттеліп отыр.

🔺Вьетнамда коронавирустың тәуліктік таралуы бойынша антирекорд тіркеліп, 5 926 жағдай анықталды.

⚡ COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК