Әлемдегі коронавирус. Жаңалықтар
Әлемдегі коронавирус. Жаңалықтар:
🔺Ұлыбритания ата-аналарының рұқсатынсыз оқушыларды COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға дайындалып жатыр. The Telegraph басылымының хабарлауынша, мектеп оқушыларын оқу жылының алғашқы апталарында вакцинациялау жоспарлануда. Pfizer әзірлеген вакцина 12 жастан асқан балалар арасында қолдануға мақұлданған.
🔺Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияның Африкадағы үшінші толқыны жоғары шегіне жеткенін хабарлады. Ұйымның Африка өкілдігінің басшысы Матшидисо Моэти Африка елдерінде халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау жақсы қарқынмен жүріп жатқанын айтты. Оның айтуынша, COVID-19 вакцинасының едәуір бөлігі қайырымдылық түрінде берілген.
🔺ЕО ересек тұрғындарының үштен екісі COVID-19-ға қарсы толықтай егілді. Толығымен егілген елдердің алғашқы үштігінде Мальта, Ирландия және Дания бар. Мұндай мәліметтер бейсенбіде Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығының ресми сайтында жарияланды.
⚡COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК