Әлемдегі Коронавирус. Жаңалықтар:

Әлемдегі Коронавирус. Жаңалықтар:

🔺Қытай билігі жаңа індеттің алдын алу үшін Уханьның барлық тұрғындарын COVID-19-ға тексеруді бастайды. Уханьға жақын Хубэй провинциясында біршама уақыттан кейінгі үзілістен соң инфекцияны жұқтырудың алғашқы жағдайлары анықталды. Бұл аймақта қазірдің өзінде індетке шалдығудың 14 жағдайы тіркелді (симптомсыз тасымалдаушыларды қоса), олардың сегізі Уханьда есепке алынды.

🔺Нью-Йоркте 16 тамыздан бастап мейрамханалар мен барларға кіру үшін вакциналаудан өткендігін растау талап етіле бастайды. Спорт залдарында, мәдениет мекемелерінде және ойын-сауық кешендерінде де осындай талаптар енгізілген. Дельта штамының таралуына байланысты қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Дельта нұсқасы АҚШ-тағы коронавирус жағдайларының 83%-тен астамын құрап отыр.

🔺Өзбекстан басшысы вакциналанбаған қызметкерлерді жұмыстан шығаруға мүмкіндік беретін заңға қол қойды. Сондай-ақ, «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Заңның 28-бабына республиканың Бас санитариялық дәрігерінің шешімі бойынша халықты міндетті профилактикалық иммундау енгізуіне мүмкіндік беретін норма енгізілді.

⚡COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК