Әлемдегі Коронавирус.

Әлемдегі Коронавирус. Жаңалықтар:

🔺Франция үкіметі COVID-19 вирусымен күресу шараларын қатаңдату туралы заң жобасын мақұлдады. Жоба Францияда кафелерге, мейрамханаларға, сауда орталықтарына, театрлар мен мұражайларға бару үшін санитариялық рұқсатты енгізуді, сондай-ақ медицина қызметкерлерін міндетті түрде вакцинациялауды көздейді.

🔺Англиядағы түнгі клубтар мен бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар қыркүйек айының соңынан бастап COVID-19 вирусына қарсы вакцина салдырған келушілерді ғана қабылдау міндетін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон мәлімдеді.

🔺Финляндия елдегі коронавирустың төртінші толқыны басталғанын жариялады. Бұл туралы Финляндия ұлттық денсаулық сақтау институтының денсаулық сақтау департаментінің басшысы Мика Салминен мәлімдеді. Ол бүкіл Еуропада инфекцияны жұқтыру көрсеткішінің артып келе жатқанын атап өтті.

⚡ COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК