Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияға және ревакцинацияға шақырады

Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары!

Сіздерді коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинация және балаларға арналған екпе алуға шақырамыз! Екпе пункттері қаланың 10 емханасында орналасқан. Бұл №1,3,5,8,15 емханалары, «№1 көпбейінді аурухана», «Жусан мед» ЖШС, «Гиппократ» көпбейінді медициналық орталығы, «Қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы», Қарағанды темір жол ауруханасы».
Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болу қажет. Екпе алу арқылы, біз ұжымдық иммунитетті қалыптастырамыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!