Конституция күні
Өткен жексенбіде ғана атап өтілген Кеншілер күнінен соң, Қарағанды облысы Конституция күніне дайындықты бастап кетті. Конституция күні өңірде қалай атап өтіледі? Бұл мәселе облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында талқыланды.
Облыста дүйсенбіден бастап Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған шаралар басталды. Қарағандылықтар мемлекеттік мерекені тек концерттермен және қоғамдық акциялармен ғана атап өтпейді. Бұл күні дәстүрге сай жаңа әлеуметтік нысандар да ашылады.
– Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған облыстық жоспарға 100-ден астам шара енгізілген. Бұл дөңгелек үстелдер, концерттер, фестивальдар, спорттық жарыстар, челлендждер, көрмелер және т.б. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады. Сондай-ақ, жаңа пәтерлердің кілттері тапсырылады, әлеуметтік нысандар ашылады, – деді ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов аппараттық кеңесте.
Әлеуметтік желілерде «Конституция – бірліктің нышаны» челленджі іске қосылады. Сонымен қатар мерекеге орай облыста жүзден аса баннер орнатылған.
Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожухов тамыздың 30-ы күні күндіз облыс орталығында шараларға толығырақ тоқталды. Бұл тізімде «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысын шығару және жеңімпаздарын марапаттау, Кеншілер мәдениет сарайының мерекелік концерттік бағдарламасы, «Әнім сенсің – Қарағанды» фестивалінің финалистерінің өнері мен марапаттау, Voice of Qaragandy-2024 жас эстрада әншілері байқауының финалистерінің концерті, сондай-ақ елордалық театр әртістерінің қатысуымен эстрадалық симфониялық оркестрдің жанды дауыстағы орындауына театрландырылған қойылым енген.
Балалар мен жасөспірімдер клубтарында «Патриот бол – өз еліңнің негізгі заңын біл» атты жалпы тақырыптағы шаралар өтеді. Тұрғындар арасында тақырыптық блиц-сауалнамалар да жоспарланған.
Конституция күні Қарағандыда да «Шахтер» стадионының қосалқы алаңында футболдан ашық қалалық турнир өтеді. Оған 2012-2014 жылы туған жасөспірімдер, бокстан қалалық турнир, сондай-ақ үстел теннисінің мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы ашық қалалық біріншілік өтеді.
Қайырымдылық шаралары барысында 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік себеттері беріледі.
Шығармашылық бағдарлама туралы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Жұмакенов толығырақ айтып берді. Барлық қала мен ауданда концерттер, музыкалық және әдеби кештер, көрмелер өтеді.
30 тамызда облыс орталығының тұрғындарын орталық мәдениет және демалыс саябағының жағалауындағы салтанатты шараларға шақырады. Концерттік бағдарламаға жергілікті шығармашылық ұжымдар мен қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады.
Мерекелік концерттер Майқұдық, Пришахтинск және Сұрыптау аудандарының басқа да ашық алаңдарында өтеді.
Құралай ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ, «QH»