ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Департамент басшысы Жандос Сәрсен және Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры
С. Байбосынов Қарқаралы ауданының жастарымен кездесті.
Кездесу барысында жастарға мемлекеттік қызмет саласындағы мүмкіндіктер, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, кәсіби даму және біліктілікті арттыру бағыттары туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар жастардың мемлекеттік басқару саласына қызығушылығын арттыру, олардың кәсіби әлеуетін дамыту және мемлекеттік қызметке талантты жастарды тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мемлекеттік басқару академиясының білім беру бағдарламалары мен кәсіби біліктілікті арттыру мүмкіндіктері таныстырылды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызметке қатысты өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.

