Коммуналдық қызмет тұрақты қызмет жасап тұр

Бүгінде облыс аумағындағы 9 станция қалыпты жұмыс істеп тұр. Электр, жылу энергиясы кестеге сәйкес жұмысын жалғастыруда. Керек отын қорымен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, 69 контейнер, 700-ден астам шағын автономдық жылу жүйелері бар. Қазіргі жағдайға қарамастан барлығы жұмыс стеуде. Тағы бір айта кететін дүние энергетиктер, су, кәріз жүйесімен қамтамасыз ететін мамандар кесте сәйкес қызмет жасауда. Облыстағы көпқабатты үйлер, әлеуметтік нысандар жылумен, сумен, кәріз және электр жүйесімен толық қамтамасыз етілген. Ешқандай апаттық жағдайлар тіркелмеді, – деді облыстық энергетика энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов.