Колледж студенттерімен кездесу

Қарағанды-Сұрыптау станциясының ЖПб қызметкерлері, бастықтың кадр саясаты жөніндегі орынбасары Е.Тұтқышев және кадр саясаты тобының инспекторы А.Тілеуханова, Қарағанды қаласының теміржол колледжі студенттерімен кездесті. Онда Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының оқу, ғылым және тәрбие қызметі туралы бейнематериалдар мен таныстырылымдар ұсынылды, буклеттер таратылды. Іс-шара екіжақты диалог форматында өтті. Білім алушылар тарапынан сұрақтар қойылып, қажетті жауаптар алынды.

Сөз жоқ, Қазақстан Республикасы саяси-әлеуметтік және экономикалық даму жолында кәсіби мамандардың жетілуін жаңғыртуды қажет етеді. Уақыттың сұранысы – осы.

Аса қажеттіліктен туындайтын әкімшілік мәжбүрлеу шараларына жататын табельді қару қолдану кезінде табандылық танытпауы немесе асығыстық танытуы қойылатын талаптарға қызметкер біліктілігі сәйкес еместігін куәландырады. Ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын адамдардың арнайы бастапқы оқудан өтудің кәсіби оқыту бағдарламаларын іске асыруда үстүрт қарауға әсте болмайды. Лажы болса, қызметі қиын да күрделі болып келетін ішкі істер органдарына азаматтық оқу орнын емес, ведомстволық, салалық оқу орнын бітірген абзал. Тәжірибесі бар қызметкерлер мектеп бітіруші түлектерді осыған үндейді.

Заңгерлердің кәсіби қызмет сипаты мен мүмкіндіктері ІІО мемлекеттік атқарушы биілік органдарының жүйесіне кіріп, құқық қорғау, әкімшілік, жедел-іздестіру және қылмыстық-процестік қызметтер аясында әр түрлі функция атқаруымен ерекшеленеді. Олардың заң аясындағы қызметі тергеушілер мен анықтаушылардың, ІІО басшылары мен кейбір бөлімшелердің жедел құрамының атқарар көптеген жұмыстарымен өлшенеді. Ведомстволық жоғары оқу орындары – Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Макан Есбұлатов атындағы Алматы академиясы, Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, Малғаждар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты – мектеп бітіруші түлектерге есігін айқара ашуда. Түлектердің көптеп келуіне ішкі істер департаменттері мен аумақтық бөлімдер де мүдделі.

Елеужан СЕРІМОВ,

Қарағанды-Сұрыптау станциясы ЖПБ ІжСКБ-ның жетекші маманы