KLMZ-да «Өз ағашыңды отырғыз» акциясы өтті!

Бүгін KLMZ ұжымы орталық алдыңғы бақтағы емен аллеясын жаңа көшеттермен толықтырды.

«Өз ағашыңды отырғыз» көгалдандыру акциясы экологияны жақсартуға, аумақты көркейтуге бағытталған. Бірнеше жыл бұрын кәсіпорында осы жақсы дәстүр бастау алды.

Жиналғандардың арасында цехтар мен бөлімдердің басшылары мен мамандары, шеберлер, бригадирлер және жұмысшылар болды.

Айта кету керек, акция мықты қарқын алуда: ағаш отырғызуға ниеттілер жыл сайын көбеюде.

Осы күннен бастап көшеттер KLMZ аумағын безендіреді.  Ең бастысы, ағаштар аллеясы кейінгі ұрпаққа мұра боп қалады және бұл маңызды әрі құнды жұмыс.

Іс-шара денсаулыққа пайдалы болып қана қоймай, сонымен қатар барлық зауыт қызметкерлерін біріктіріп, естеліктер қатарын толықтырды. Барша қатысушылар жақсы көңіл-күй және көптеген жағымды эмоцияларға ие болды.