Кездесу өтті

2022 жылдың 3 ақпанында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің 1-курс студенттерінің ата-аналарымен ZOOM платформасында «Мирас» клиникасының директоры Разиева Роза Сабитоллаевна кездесіп, 12-16 жас аралыңындағы жасөспірімдерге екпе жасау жайлы ақпарат алмасты. Кездесу барысында ата-аналар «Неліктен студенттерді вакцинациялау керек? Онда қауіпсіздік жағдайлары қаншалықты қамтамасыз етілген? Ата-ана баласын вакцинациялау кезінде қатыса алады ма? Келісімнің бар-жоғы қалай тексеріледі? Пфайзер вакцинасы қаншалықты қауіпсіз? Оның сертификаттары, жарияланымдары бар ма? Балада қандай асқынулар болуы мүмкін? Вакцинациядан кейін баланы қалай бақылайды?» деген сұрақтарына жауап алды.