КЕЛЕШЕККЕ КЕПІЛДІК
Қазіргі таңда Президентіміздің қолдауымен көптеген мүмкіндіктер жасалып жатқаны сөзсіз. Мүмкіндікпен қоса әлеуметтік көмек түрлері де жетерлік. Көре білетін көз, ізденімпаз жан үшін өмірдің бағалы тұстарын оң пайдалану қиындық туғызбайды.
Өзім куә hәм риза болған мемлекеттен жасалатын қолдаудың бірі — жаз мезгіліндегі әр түрлі санаттағы балалар мен мектептің беткеұстар оқушыларын қолдау мақсатында жаздық сауықтыру орталықтарына тегін жолдама беруі. Жоғарыда аталған балаларды басқа қаладағы сауықтыру орталықтарына алып барғандағы көзім жеткені — жоғары деңгейде ұйымдастырылған орталықтар, өте таза, заманауи жабдықталған, тағамдары дәмді, тиімді күн тәртібі және т.б. Тәрбиешілердің мәдениеттілігі, балаларға деген сүйіспеншілігі өте жақсы деңгейде көрсетіледі. Бұл жағдайлар балалардың жаз мезгілінде бос уақытында жер көріп, достар тауып, демалыстарын тамаша өткізуге зор мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, алдымызда келе жатқан балаларды оқу жылына дайындау мақсатында көрсетілетін ең үлкен мемлекеттік көмек – жалпы білім беретін мемлекеттік қордан бөлінетін көмек. Яғни, ол мектеп формасы, сөмке, аяқ киім және кеңсе тауарлары. Ол жыл сайын конкурсқа байланысты беріліп отырады. Кей жылдары қыстық киімдер де беріледі. Мұндай көмектер әр жылы көрсетіледі. Әлеуметтік көмекке қол жеткізу үшін мектеп тағайындаған арнайы педагогына хабарласу керек.
Жоғарыда тек екі түрлі мемлекеттік көмекті ғана атап өттім, ал одан басқа қаншама қолдау түрлері жетіп жатыр. Қолымыздағы барымызға, осы жағдайымызға шүкір етейік дегім келеді. Көмекке расымен мұқтаж отбасылар да, тегін дүниеге ие болғысы келетін жандар да жетерлік. Баланың барлығы – бақытты болу үшін жаралған. Әр болған қиындыққа мемлекет пен саясатты кінәламай, әрекет жасайық дегім келеді. Әрекеткеберекет!
Гүлзат РАЙЫМБЕКОВА,
«№66 мектеп-лицейі» КММ әлеуметтік педагогы.