Әкелер форумы

Оқушылар сарайында әкелер форумы өтті. Іс-шарада отбасындағы әке тәрбиесінің қажеттілігі мен оның қиындықтары туралы мәселелер талқыланды.

   4 баланың әкесі Досжан Ильяшев «Әкелер одағы» бірлестігінің мүшесі. Әке болу-үлкен жауапкершілік. Қазіргі балалар ерекше назарды қажет етеді.

— Бұл форум әкелердің бала тәрбиесіне араластыру мақсатында жалғасын тауып келе жатқан үлкен бір дүние. Абай гимназиясында әкелерді жинау мақсатында әртүрлі іс-шаралар өткізілуде. Ең бірінші волейбол жарыстарын ұйымдастырды. Одан кейін теннис, бұл іс-шара өте қажет, әкелер өз білгенімен бөлісетін алаңға айналып келеді,–дейді форумға қатысушы Досжан Ілияшев.

Қарағандыда әкелер облыстық форумы алғаш рет ұйымдастырылды. «Әкелер Одағы» қоғамдық бірлестігі 2012 жылдың тамызында Астанада әкелердің балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуге белсенді қатысуын насихаттау және әкелерді білім беру мекемелерінің қызметіне белсенді қатысуға тарту мақсатында құрылған. Форумды Қарағанды облысының білім басқармасы ұйымдастырды. Ұйымдастырушылардың бірі Дархан Тәңірбелді — бұл форум баланың жан-жақты дамуындағы әке рөлінің маңыздылығын насихаттайды және қоғамдағы беделін өсіреді деп санайды.

— Форумның басты мақсаты, әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру және мектеп қабырғасындағы әкелер кеңесінің жұмысын жаңдандыру. Бүгінгі таңда 500 жуық әке форумға қатысуда және спикерлеріміз өзге қалалардан әкелер жұмысын жақсартуға келді. Олар тәжірибелерімен бөлісуде, –деп атап өтті Дархан Тәңірбелді.

Мақсұтбек Айтмағанбет арнайы Астанадан шақырылған спикер. Ол әкелер одағының төрағасы. Айтуынша өкінішке қарай, әлеуметтік медианың дамуына байланысты балалар ата-ананың дәрежесін төмен санайды және біздің міндет-оларға қажет кезінде дұрыс тәрбие беру және әлеуметтік құндылықтарды сіңіру. Мақсұтбектің тарқатқан негізгі тақырыбы «саналы ата-ана болу». Қазір әлеуметтік өмірдің көп бөлігі әйелдердің мойнында жатыр, сондықтан ер азаматтардың қоғамдағы орнына мүмкіндігінше көбірек назар салу қажет, дейді төраға. Ресми бөлім аяқталғаннан кейін форум қатысушыларына келген қонақтармен тәжірибе алмасуға және командалық тренингтерге қатысуға мүмкіндік берілді.

Жұпар АМАНБАЙҚЫЗЫ,                                   

«QH»