Кең ауқымды акция

Қарағандыда тұрғындардың полиция қызметкерлеріне деген сенімін нығайтуға бағытталған кең ауқымды акция өтті.

«Жолдағы қабылдау» – 14 және 15 маусымда полиция қызметкерлері өткізген акцияның атауы. Оның басты мақсаты – халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізу, азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенімін нығайту, сондай-ақ азаматтарға консультативтік және құқықтық қолдау көрсету. Белгіленген кезеңде полиция қызметкерлері азаматтарды өздерін қызықтырған мәселелер жөнінде хабардар ететін болады. Ол үшін тек Тәттімбет көшесі, 709 немесе К.Маркс көшесі, 9 мекенжайындағы пункттің біріне бару керек.

– «Жолдағы қабылдау» акциясы ІІМ басшылығының бұйрығымен өткізіліп жатыр. Бірінші мақсат – халықпен тікелей байланыста әңгіме өткізуіміз керек. Акция шеңберінде тұрғындарды басшылық құрам қабылдайды, – дейді Қарағанды облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Азаматтар үшін облыстың ЖКО басшылық құрамы да Instagram әлеуметтік желісі арқылы онлайн байланыс ұйымдастырды, онда кез келген тұрғын сұрақ жазып қалдырып, жауап алады. Тікелей эфир күн сайын сағат 10, 12 және 16-да өтеді.

Айдын ШАЛАТАЙҰЛЫ, «QH»