Карантиндік шаралар жеңілдетіледі
Карантиндік шараларды жеңілдету бойынша
Алматы қаласын қоспағанда, ағымдағы жылғы 28 тамыздан бастап мыналардың жұмысына:
🔹демалыс күндері – «Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмысына – сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларының жұмысына – қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) сағат 02.00-ге дейін;
🔹сенбі күндері – қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат етіледі.
Алматы қаласын қоспағанда 30 тамыздан бастап
🔹«Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілері үшін жұмыс уақытын (режимін) жұмыс күндері сағат 22.00-ден 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартылады.
«Қоңыр қызыл» аймақтың өңірлері бойынша шектеулер қаулының толық нұсқасында
@coronavirus2020_kz