КАРАНТИНДІК ШАРАЛАР ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
Өңірде ұзақ уақыттан бері алғаш рет коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі тіркелді. Эпидемиологиялық мониторингке сәйкес, covid-19 жұқтыру жағдайлары алдыңғы екі аптамен салыстырғанда 1,1 есеге азайған. Енді қарағандылықтар үшін карантин режимі жеңідетіледі.
Облыстың бас санитарлық дәрігері Юрий Залыгинның мәлімдеуінше, 60 жастан асқан адамдар әлі де инфекцияға бейім. Олар коронавирустық инфекция тіркелген барлық жағдайдың 25 %-ын құрап отыр. Вирус жұқтыру жағдайлары көбінесе жұмыс істемейтіндер мен зейнеткерлер арасында тіркелген. Оларға барлық жағдайдың 50 %-ы тиесілі. Ал, жеке кәсіпкерлер, жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметкерлері мен оқушылар – 10%, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен тұрмысты қамтамасыз ету объектілері қызметкерлері коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың 9,3%-ын құрайды.
Ведомствоаралық комиссия қабылдаған шешімге сәйкес, Ashyq жобасына қатысушылардың тізімі кеңейтілді. Оған білім беру ұйымдары, жатақханалар мен интернаттар да қосылады. Сондай — ақ, Ashyq жобасындағы барлық бизнес нысандраға 00.00-ге дейін, егер, қызметкерлер мен келушілердің «жасыл» мәртебесі болған жағдайда 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Алайда, бұл режим қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол вокзалдарына, білім беру нысандарына, жоғары оқу орындары мен колледждерге, интернаттарға және білім беру ұйымдарының жатақханаларына қатысты емес.
қатар, мейрамханалар, кафелер мен кофеханалар жартылай толы күйінде, не келушілер саны 50-ден аспаған жағдайда жұмыс істей алады. Алкогольді ішімдіктерді сатпайтын асханалар тәулік бойы қызмет ете алады. Банкет залдарында еске алу рәсімін ғана өткізуге рұқсат етілді.
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармонияла, бильярд бөлмелері, боулингтер, цирктерде орын санын 30%-ға дейін ғана толтыруға болады. Спорттық іс-шаралар орын саны 20%-дан артық толтырылмаған жағдайда ғана жанкүйермен өткізіледі. Спорт кешендерінде тек екі компонентпен вакцинацияланған адамдар ғана жаттыға алады. Компьютерлік клубтарға тек 12 жасқа толған адамдар ғана кіре алады.
Сұлулық салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсету салондары тек алдын-ала жазылу арқылы жұмыс істей алады.
Сенбі күндері қала ішіндегі қоғамдық көліктердің қозғалысы қайта басталды.
Алайда, орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары, азықтүлік дүкендері мен дәріханалардан басқа, Ashyq жүйесінде тіркелмеген кәсіпорындар мен ұйымдардың меншік нысанына қарамастан қызметіне тыйым салынады.
Ақторғын ДАРХАНҚЫЗЫ, QH