Кадрлық ауыс-түйіс

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, қалалық мәслихат депутаттарымен, қала әкімінің өкімімен Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының әкімі болып Эльдар Дүйсетаев тағайындалды.

Эльдар Серікұлы 1981 жылы Қарқаралы қаласында дүниеге келген.

Үш жоғары білімі бар. 2003 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, 2006 жылы Қарағанды экономикалық университетін, 2019 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Оңтүстік Калифорния университетін бітірген. Біліктілігі бойынша тарих оқытушысы, менеджмент бакалавры, халықаралық мемлекеттік саясат және менеджмент магистрі.

Еңбек жолын 2003 жылы Қарқаралы қаласының № 2 орта мектебінде мұғалім болып бастаған.

2003 жылдан бастап мемлекеттік қызметте

2010 жылға дейін Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарында жұмыс істеді.

2010 жылдан 2014 жылға дейін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде және оның аумақтық бөлімшелерінде әр түрлі басшылық лауазымдарды атқарды.

2014 жылдың қыркүйегінен бастап Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.

2019 жылдан Қарқаралы ауданының әкімі қызметін атқарды.

Бұған дейін аудан басшысы қызметін атқарған Нұрлан Рыстин басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.