Кәсіпкерлікті қолдау


Мемлекет қашан да кәсіпкерлерге қолдау танытуда. Оның айғағы – бүгінде бірнеше бағдарламаның қолданысқа еніп, кәсіп иелерінің пайдасына жарауы.
Президент Жолдауында да кәсіпкерлікті дамытуға қатысты нақты ұстанымдар айтылды. Жолдауда шағын және орта бизнесті қолдауға көп көңіл бөлінген. Ең бастысы, кәсіпкерлік қоғамдастықтың көптеген сұранысын Мемлекет басшысы тыңдады әрі қолдады. Түсінікті және болжамды салық саясаты есебінен «көлеңкеден» шығу жағдайларын қамтамасыз ету міндеті қойылды.
Қарағанды облысы Кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше, бүгінде облыста 99 190 шағын және орта бизнес субъектісі бар, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 6,6% жоғары. Оның ішінде 55 291-і облыс орталығында, бұл облыстық көрсеткіштің 55,7%-ын құрайды.
Осы орайда Қарағанды облысы Кәсіпкерлік басқармасының жақында ғана тағайындалған басшысы Ирина Любарскаяны сөзге тартқан едік.
– Ирина ханым, біздің облыс алғашқылардың бірі болып бөлшек салық ставкасын төмендетті, ол қандай қызмет түрлеріне әсер етті?
– Қарағанды облысы алғашқылардың бірі болып бөлшек салық мөлшерлемесін екі есе (4-тен 2%-ға дейін) төмендетті. Инновация 190 қызмет түріне (құрылыс; сауда; білім; ақпарат және байланыс, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет; әкімшілік және қосалқы қызметтер; денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер (стоматологиялық қызмет); өнер, ойын-сауық және демалыс; тұрмыстық қызмет; көлік және қойма қызметі және т.б.) әсер етті. 2024 жылдан бастап 364 қызмет түріне (өңдеу өнеркәсібі; ауыл, орман және балық шаруашылығы; шығармашылық индустрия; сумен жабдықтау қызметі, қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату және т.б.) әсер етті. Нәтижесінде өзгерістер енгізілгеннен бері облысымызда бұл шараны пайдаланған 935-ке жуық кәсіпкер салық төлеушілер санын 6 есе арттырды. Бұған дейін «көлеңкеде» жұмыс істеген кәсіпкерлер бизнесін заңдастыруға кірісті. Өзгерістер енгізілгеннен бері БСС режимінде жаңадан тіркелген 785 салық төлеуші, оның ішінде 43 салық төлеуші басқа аймақтардан көшірілді. БСС бойынша бюджетке түскен салық түсімдерінің жалпы сомасы 718,3 млн теңгені құрады және 18 есе өсті.
– Облыста қанша бизнес-жоба мақұлданып, қаржыландырылды? Биыл тағы қанша жобаны қаржыландыру жоспарланып отыр?
– 2023 жылдың қорытындысы бойынша, барлығы 5,5 мың бизнес-жоба қаржыландырылды, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 23 млрд теңгеге 2,5 мың жаңа жоба. 2024 жылға бөлінген қаражат сомасына, яғни 27 млрд теңгеге 5,5 мыңнан астам бизнес-жобаға қаржылық қолдау көрсету жоспарлануда.
– Кәсіпкерлер үшін қандай жеңілдік бағдарламалары бар? Облыс бойынша оларды қанша адам пайдалануда?
– Өткен жылы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы, «Ауыл аманаты» жобасы және «Кәсіпкер» өңірлік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Ең тиімді және сұранысқа ие болып отырғаны – кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында субсидиялау және кепілдік беру. Мәселен, 2023 жылы бұл құралдар 4 мың кәсіпкерді немесе облыста қаржыландырылған барлық жобаның 73 пайызын қамтыды. 2024 жылдан бастап ШОБ қолдаудың жаңа бірыңғай кешенді бағдарламасы, «Ауыл аманаты» жобасы, өңірлік «Кәсіпкер» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау жалғасады.
– Ұлттық жоба бойынша қанша қаржылық қолдау алдық?
– 2023 жылы кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы шеңберінде 4,6 мың жоба қаржыландырылды (субсидиялар, кепілдіктер, гранттар, жастарға шағын несие).
– Инвестиция тарту жұмыстары қалай жүріп жатыр?
– Инвестиция тарту шеңберінде «Кәсіпкерлік» басқармасы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын белсенді түрде қолдануда. Мысалы, қолдау шараларының бірі – шағын және орта кәсіпкерлік жобалары үшін жетіспейтін өндірістік (өнеркәсіптік) инфрақұрылымды (бұдан әрі – ӨИҚ) қаржыландыру. Мысалы, 2023 жылы 4 бизнес-жобаға ӨИҚ енгізу мақұлданды. Инвестициялық тартымдылықты арттыру мақсатында ауқымды ақпараттық жұмыстар жүргізіліп, бизнес-форумдар өткізілуде. Мысалы, туризм саласында Қарқаралы табиғи паркінің аумағында әлеуетті инвесторлар үшін бос жер телімдерінің портфелі қалыптастырылды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша, туризм саласына 21,6 млрд теңге тартылды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2 есе көп.
– Қарағанды облысында туризм қалай дамуда және осы салада тағы қандай жұмыстар атқарылмақ?
– 2023 жылдың қорытындысы бойынша, Қарағанды облысы туризмді дамытудың негізгі көрсеткіштерінен оң динамика көрсетіп отыр. Өткен жылғы қаңтар-қыркүйекте 235 нысан орналастыру қызметін көрсетті. Яғни орналастыру орындары 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 283,9 мың адамға немесе 128,1% қызмет көрсетті, оның ішінде ішкі туризм (резиденттер) 27,8% және сыртқы туризм (резидент еместер) 36,7% ұлғайды. 2023 жылы туризм саласына негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 21,6 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Туризм саласына қаржылық қолдау көрсету мақсатында 2023 жылы Бұқар жырау ауданында 2 және Саран қаласында 1 – барлығы 3 санитарлық-гигиеналық бөлімшеге субсидия берілді. Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында туризмді қаржылай қолдау жалғасып келеді. 2023 жылы «Тұрғын үй және тамақтандыру қызметін көрсету» саласы бойынша 1,6 млрд теңгеге 32 жоба субсидияланды және 25 жобаға 348,5 млн теңге кепілдік берілді. 2023 жылы туризмді танымал ету мақсатында Балқаш қаласында «BalkhashTourfest – 2023» және Қарқаралы қаласында ақпараттық турлар өткізіліп, Шет ауданында өткен «Талды – әлемдік өркениеттер тоғысында» халықаралық фестивалінде қолөнершілер көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ өткен жылы Қарағанды облысының жаңа туристік порталы (https://visitkaragandyregion.kz) әзірленді. 2024 жылы ШОБ-ты қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралар аясында және «Кәсіпкер» бағдарламасы аясында саланы қаржылай қолдау жалғасады.
– Президент өз сөзінің бірінде бізге мықты орта кәсіпкерлікті дамыту қажет екенін айтты. Бұл саладағы жағдайымыз қалай?
– 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Қарағанды облысында 181 орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 1,7% жоғары. 2023 жылы субсидиялар мен несиелерді кепілдендіру түрінде қаржылық қолдау көрсетілді. Барлығы 35 жоба 11 млрд теңге несиеге субсидияланып, 12 жоба 1,4 млрд теңгеге кепілдендірілген. Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың ЖҰЖ-ына сәйкес, 2024 жылы әрбір сәтті жүзеге асыру үшін мүмкіндіктерін арттыруға және өндірісті екі-үш есе кеңейтуге бағытталған нақты жоспарлар әзірленетін болады. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары аясында 2024 жылдан бастап орта бизнеске жеңілдікті субсидиялар мен кепілдіктер беріледі. Сондай-ақ орта бизнесті дамыту, оның ішінде мемлекеттік сатып алулар мен мемлекеттік қолдау шараларына қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ әкімшілік қысымды төмендету жөнінде шаралар қабылданатын болады.
– Сөз соңында Кәсіпкерлік басқармасының биылғы жылға арналған жоспарлары туралы қысқаша айтып өтсеңіз?
– 2024 жылы 5,5 мыңға жуық ШОБ жобасын қаржыландыру жоспарлануда. «Даму» қорымен бірлесіп өңірлік «Кәсіпкер» бағдарламасы аясында экономиканың басым секторлары үшін бизнес үшін пайыздық мөлшерлемені 7-ден 6 пайызға дейін, туристік жобалар үшін 3 пайызға дейін төмендету жоспарлануда. Ағымдағы жылы бизнесті мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары аясында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасады. Сараптамалық кеңес аясында проблемалық мәселелер бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен кездесулер өткізу де жоспарда бар. Сонымен қатар биыл Балқаш пен Қарқаралыға туристік ақпараттық турлар ұйымдастыру және өткізу, Абай ауданы Топар ауылында жағажай туризмін дамыту жоспарлануда. Стратегиялық мақсат – облыстың жалпы өңірлік өніміндегі шағын және орта бизнес үлесін жыл сайын арттыру.
– Сұхбатыңыз үшін рақмет!
Құралай ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
«QH»