Кәсіпкерлерге грант берілді

2022 жылғы 22 тамызда «Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде 400 АЕК-ке дейін мемлекеттік грант беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Мемлекет қолдауына үміт артқан азаматтардың өтінішін  «Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы» ҚБ атқарушы директоры С.М.Санаубаев, «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» ММ кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту секторының меңгерушісі Н.К.Исаханова, Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасының қаржылық емес қолдау бөлімінің бастығы М.М.Касимова, «Бірлік» БПҰ төрайымы Н.Т.Аубакирова болды.

Комиссияның шешіміне сәйкес мемлекеттік грант алуға 60 үміткердің 30-ы мақұлданды.

Оқуға қатысушы жұмыспен қамтудың мынадай санаттарының біріне жатуға тиіс:

* Жұмыссыз ретінде тіркелегендер;

* Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер;

* Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен жеке қосалқы шаруашылықта жұмыс істейтін адамдар;

* Жұмыстан қысқартылған қызметкерлер;

* Отбасылық кәсіпорында жалақысы төленбейтін қызметкерлер;

* Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооператив мүшелері;

* Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;

* «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы қолданыстағы сертификаттың болмауы;

* Мәртебесін тексеру кезінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылардан басқа (оңтүстіктен солтүстікке қарай) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы болып табылмау;

* Соңғы 12 ай ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын өз бетінше тоқтату фактілері болмауы тиіс.

Комиссияның мақұлдауын алмаған үміткерлер конкурсқа қайта қатыса алатынын қосымша хабарлаймыз.

Мемлекеттік грант беруге өтінімдерді қабылдаудың II легі 29.08.22-09.09.22 аралығында өтеді.

Аружан АЛПЫСБАЙ,

«QH»