Кәсіпкерлердің құқығын қорғау — міндетіміз

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің 01.09.2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында ерекше атап өтілді. Онда Президент еліміздің жаңа экономикалық бағытының жеті негізгі қағидаттарының бірі ретінде жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлін айқындады.

Осы бағыттағы жаңа экономикалық бағытқа қол жеткізу үшін шаралардың бірі ретінде 2021 жылғы 4 қыркүйектен бастап күшіне енген «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі — Заң) түзетулерді анық атауға болады.

Заңға түзетулер заңды күшіне енгеннен кейін прокуратура органдары кәсіпкерлердің мемлекеттік органдардың олардың қызметіне араласу фактілері бойынша өтініштерін қарауға уәкілетті.

Бұрын мұндай өтініштер уәкілетті органдарға жіберілетін. Енді жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында прокуратура органдары бизнес субъектілерінің шағымдарына ден қоюға, өтініштер бойынша тексерулер жүргізуге, қажетті ақпаратты сұратуға және түсініктеме алу үшін адамдарды шақыруға құзыретті.

Азаматтар мен бизнес субъектілері мемлекеттік органдар тарапынан шектеу-тыйым салу сипатындағы шараларға, олардың теріс салдарына байланысты аса сезімтал екендігі белгілі.

Осыған байланысты, Заңмен прокуратура органдары тыйым салу немесе шектеу сипатындағы заңсыз шаралардың дереу күшін жоюды талап ете отырып қаулы шығаруға уәкілетті. Бұл ретте, қаулыға шағымдану оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

Сонымен қатар, бизнес субъектілерінің назарына Қарағанды қаласы Октябрь ауданының прокуратурасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтың жұмыс істеуі туралы жеткіземіз.

Мобильдік топтың негізгі мақсаты – кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілерінің жолын кесу, сондай-ақ олардың заңды қызметіне кедергі келтіру жағдайларына жол бермеу болып табылады.

Мысалы, аудан прокуратурасымен мобильді топқа түскен сигнал бойынша ішкі істер органдары тарапынан әкімшілік іс жүргізу орбитасына бизнес субъектілерін заңсыз тарту фактілерінің жолы кесілді.

Басқа жағдайда, кәсіпкерлерге мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтамасыз етудің негізсіз қайтарылмаған сомалары қайтарылды.

Осыған байланысты, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласқан жағдайда аудан прокуратурасына келесі сенім телефондары арқылы жүгінуге болады- 8-(7212)-79-14-07 (ішкі 236), 8-707-989-28-59.

Т.ВАЛИЕВА,

Октябрь ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры