Кәсіпкерлер табыс құпиясымен бөлісті

Қарағандыда танымал бизнесмендер студенттерге өз ісін неден бастау керегін және қалай табысқа жету керегін айтты. Үш университеттің түлектерімен кездесуді өңірлік Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды.

Болашақ мамандармен сөйлескен мол тәжірибелі кәсіпкерлер: Николай Абт – «ЖТҮК Ұйымдастыру комитеті» ЖШС директоры, Бағлан Булгунаев – «Terricon School» ЖШС атқарушы директоры, Ангелина Саратовкина – «Терриконовая долина» ЖШС комьюнити-менеджері және Владимир Алескеров – «A.V.Group» ЖШС директоры.

Мысалы, Владимир Алескеров түрлі салада табысты бизнес құрды.

– Біз бүгінгі таңда медициналық өнімдердің жалғыз өндірушісіміз. Сонымен қатар металл құрастыру цехтары бар. Мүлдем басқа бағыттар. Биыл біздің компанияға 9 жыл болды. Осы уақыт ішінде біз нөлден өндірістік алаңдардың 15 мың шаршысына дейін өттік. Сондықтан сіздерге кез келген идеяның орындалатынын айтамын, кез келген мәселені шешеміз, – деді ол.

Ангелина Саратовкина жастармен ұтымды сату құпияларын бөлісті.

Студенттер сұрақтарына толымды жауап алды. Кәсіпкерлер «жеке кәсіп бастау керек пе?» деген сұраққа қатысты күмәндарын сейілтті.

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша