Көшілік қоғамдық нысандар – коронавирус инфекциясының негізгі жұқтыру орны
Көшілік қоғамдық нысандар – коронавирус инфекциясының негізгі жұқтыру орны
🔹СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары эпидемиологиялық тексеру жүргізіп, тамыз айында облыстың сырқаттанған тұрғындарының жартысы сауда объектілерінде коронавирус жұқтырғанын анықтады. Науқастардың шамамен 25%-ы ауруды үй және жұмыс орнындағы қарым-қатынаспен, 15%-ы қоғамдық көлікпен байланыстырады. Ауырғандардың 10%-ы өздерінің індет жұқтыруын банктерге, ХҚКО-ға, бұқаралық және отбасылық іс-шараларға, спорт объектілері мен қоғамдық тамақтануға, балабақшаларға, медициналық мекемелерге, моншалар мен сауналарға баруымен байланыстырады.
📊Мониторингтік топтар шектеу шараларын бұзушыларды анықтауды жалғастыруда. Тамыз айының өткен кезеңінде облыс аумағында мониторингтік топтар 1616 нысанды қамтып, 185 рейд жүргізді. 2,5 млн. теңгеге 43 тұлғаға айыппұл салынды. Үй карантині режимін бұзған адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жалғасуда. «ASHYQ» қосымшасын қолданатын нысандарға кіруге тырысқан 14 адам жауапқа тартылды.
📍СҚО эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес бір айдан астам уақыт«қызыл» аймақта, бұл ретте сырқаттанушылықтың апталық көрсеткіші «қою қызыл» аймаққа сәйкес келеді. Егер төсек-орын қоры көрсеткіші 70%-дан асатын болса, онда барлық қызмет салаларына толық локдауын енгізіледі.
⚡️Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті