Күннің басты саны
Облыста 18 жастан асқан 897 340 адам вакцинациялауға жатады. 27 қаңтардағы жағдай бойынша 621 962 (69,3%), адам бірінші компонентпен егілді, 570 336 (63,6%) адам вакцинациялаудың толық курсын алды
«Комирнати» вакцинасының (Pfizer/BioNTech компаниясы өндірген) бірінші компонентті 23 341 адам алды
Бүгінгі күні облыс бойынша 88 755 адам иммунитетті көтеру үшін үшінші бустерлік дозамен ревакцинациядан өтті
«Ұжымдық иммунитетке» қол жеткізу үшін облыс тұрғындарының кемінде 70%-80% егілуі тиіс екенін еске саламыз. Эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес, күн сайын коронавирустық инфекцияның 2000-ға жуық жаңа жағдайы тіркеледі, осыған байланысты COVID-19-ға қарсы вакцинация мен ревакцинация алуды ұсынамыз!