«Кәмелетке толмаған балаларды вакцинациялау» туралы онлайн-кездесу өтті

Бүгін а.ж. 1 наурыз күні ақпараттық-түсіндіру тобы Қарағанды агротехникалық колледж студенттері мен ата-аналары арасында «Кәмелетке толмаған балаларды вакцинациялау» туралы онлайн-кездесу өткізді.
Кездесу кезінде № 1 балалар емханасының маманы Абрамова Галина Дмитриевна жасөспірімдерді Pfizer «Комирнати вакцинасымен вакцинациялау» туралы атап өтті. Сондай-ақ, ата-аналарға кәмелетке толмағандар арасында ковидке қарсы екпе алудың маңыздылығы туралы түсіндірді.Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Кездесу барлығы 65 адам қатысты.