Көлік отыны
Көлік отынының экологиялық таза түрі қауіпті болуы мүмкін. Елімізде бірнеше жылдан бері газбен жүретін көліктердің қоғамдық және тұрғын үйлердің тұрақтарына кіруіне тыйым салынған. Біздің аймақта бір айдың өзінде ғана газ қондырғысы бар көліктердің өртенуіне қатысты үш оқиға тіркелді. Зардап шеккендер жоқ, бірақ мұндай өрттің салдары өте ауыр болуы мүмкін дейді мамандар.
Мамандардың пікірінше, газ қондырғысы бар автокөліктердегі өрттердің басым бөлігі осы қондырғыны көліктерге орнататын мамандардың салғырт ісінен туындайды. Жертөледе және бірінші қабатта газ жарылған күнде айтарлық жарылыс болып, төтенше жағдай залалынан бүкіл ғимарат қирап, нысанның бұзылуына әкеледі. Сондықтан газ қондырғысы бар көліктер, жалпы газ қолдану барысы қазірде өртке қарсы қызметтің жіті бақылауында.
— Соңғы айларда, облыс аумағында көлік құралдарында үш өрт тіркеліп, зардап шеккендер анықталмады. Бұл оқиғаның себептері, көбінесе жүргізушілер газ жанар-жағармайын қолданады. Тиімділігі мен арзан бағасы бар. Сол себепті де жүргізушілер газды қолданады. Алайда, ең басты ескеретін дүние, адам қауіпсіздігі,-дейді Облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Әлішер Аманбеков.
Техникалық қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, газ автокөліктегі газ багын 85% — пайызға дейін ғана толтыру керек. Яки цилиндрде біраз бос орын қалуы керек, өйткені жабық ғимараттар әдетте жылы болады және газ жанар-жағармайы жылы жерде ауқымын ұлғайтып, бактың жарылып кету қаупі ұлғаяды. Және тағы бір айтары автокөлікке газ отынын қолданатындай қондырғы орнатқанда, шеберлер артық қысымды клапандарды жүйеден алып тастайды. Нәтижесінде отын қорын толтыру кезінде ол ауқымға да газ толады. Ал бұл қауіпсіздік ережелеріне нұқсан келтірер қауіпті жағдай. Сол себептен автокөлік құралдарындағы газ қондырғылары тек мамандандырылған зауыттарда ғана орнатылуы тиіс. Рейд барысында көлік жүргізушілеріне осы мәселе жіті түсіндірілуде. ТЖД қызметкерлері көлікті, газ қондырғысын техникалық тексеруді уақытында жүргізбеу салдарынан газдың ауаға тарауы, от тұтану себептері болуы ықтимал. Мәселен, баллондарды тексеру кемінде 2 жылда бір рет жүргізілуі керек. Әр адам өз қауіпсіздігі, сақтығы үшін өрттің, апаттың алдын-алу шараларын қатаң ұстанғаны абзал. Қазіргі кезде газбен жүретін көлік иелеріне қауіпсіздік қағидаттарын ескерту, зардаптардың алдын-алу мақсатында профилактикалық рейд жүргізілуде. Өрттің зияны көп, залалы алапат, ал қайғылы оқиға болғанда адам өмірін жалмап өтер моральдық соққысы тіптен қасірет.
Жұпар АМАНБАЙҚЫЗЫ,
«QH»