Әйелдер – әлемнің шуағы
Көктемнің шырайлы мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер күні! Бұл күн – аналарымызға, әпке-қарындастарымызға, қыз-келіншектерімізге деген құрмет пен сүйіспеншілікті білдіретін ерекше мейрам. Жер бетіндегі әсемдік пен жылулықтың, мейірімділік пен ізгіліктің бастауы – әйелдер қауымы.
Әйел – отбасының ұйытқысы, берекенің, мейірімнің символы. Олар тек жанұяның ғана емес, қоғамның да тірегі болып табылады. Бүгінде нәзік жандылар білім, ғылым, саясат, бизнес, спорт секілді әр саланың дамуына елеулі үлес қосып келеді. Олардың еңбегі, даналығы мен мейірімі әлемді жарқын ете түсуде.
Бұл күні әйелдерге алғыс айтып, олардың еңбегін бағалау – әр азаматтың парызы. Аналарымыздың мейірімді жүрегі, апа-қарындастарымыздың қамқорлығы мен қыз-келіншектеріміздің сұлулығы өміріміздің сәнін келтіреді. Сондықтан 8 наурыз – тек мереке ғана емес, әйелдердің қоғамдағы рөлін айқындайтын ерекше күн.
Барша аруларды осы тамаша мейраммен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, ұзақ өмір, шаттық пен қуаныш тілейміз. Әрбір күндеріңіз бақытқа, махаббатқа, сәттілікке толы болсын! Әрдайым айналаңызға шуақ шашып, жақындарыңызға қуаныш сыйлай беріңіздер!
Айдын ТОНТАЙТЕГІ,
«QH»