Істікті алып, бүйректі сақтап қалу

Қарағанды қаласындағы №3 көпсалалы ауруханада дәрігерлер ерекше күрделі ота жасап, науқастың ағзасын сақтап қалды. Зейнет жасындағы әйел адам онкологиялық диагнозбен түскен, оның оң жақ бүйрегінде бірнеше сантиметрлік ісік анықталды. Бұл операция ерекше дайындық пен мұқияттылықты талап етті, себебі науқаста поливалентті аллергия болды – яғни, ағзасы бірнеше түрлі аллергенге бірден сезімтал.

Онкохирург Ақылбек Жұмақаевтың айтуынша, ісік бүйректің зәр жинау жүйесіне және қан тамырларына өте жақын орналасқандықтан, операция барысы қиынға соқты. Анестезиологтармен бірлесе отырып, қолданылатын наркоз бен дәрі-дәрмектерді ерекше мұқият таңдау қажет болды. Қан айналымы шамамен 25 минутқа тоқтатылып, ісік толығымен лапароскопиялық әдіспен алынды. Бұл тәсіл науқастың тезірек қалпына келуіне мүмкіндік берді.

Операциядан кейін әйел адам бесінші күні ауруханадан шықты, барлық талдаулары жақсы нәтиже көрсетті. Дәрігерлердің айтуынша, бүйрек ісігі кейде ешқандай көрінетін белгісіз дамуы мүмкін, сондықтан денсаулықты үнемі бақылап, уақытылы тексеруден өту маңызды.

Құралай КӨБЕНОВА,

«QH»