Өңірлерде бензин мен дизель отынының жасанды тапшылығын болдырмау үшін мұнай базалары тексеріледі

Кейбір жанармай құю станцияларында дизель отынын сатудағы шектеулер анықталды.
Қазақстан өңірлерінде бензин мен дизель отынының жасанды тапшылығын болдырмау үшін мұнай базалары тексеріледі. Жанар-жағармай материалдары нарығындағы ахуал бойынша кеңесті ҚР премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр өткізді.

Бүгінде Қазақстанда дизель отынының жиынтық қоры 308,56 мың тоннаны құрайды. Бұл 1 қаңтардағы қормен салыстырғанда 59 мың тоннаға артық.

Алайда, атап өтілгендей, кейбір өңірлерде дизель отынын жекелеген жанармай құю бекеттерінде сатуды шектейді.

Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін ЖЖМ тапсырылды:

құрамына әкімдіктердің, бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменттерінің, мемлекеттік кірістер департаменттерінің, Экономикалық тергеу департаменттерінің және табиғи монополияларды реттеу департаменттерінің өкілдері кіретін өңірлік штабтар ЖЖМ жасанды тапшылығын тудырмау үшін өңірлік мұнай базаларын комиссиялық тексеру жөнінде шаралар қабылдасын;
бұзушылық фактілері болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдар нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы немесе доминантты әрекеттері бойынша тергеу жүргізсін.
12 сәуірден бастап Қазақстанда АИ-92 бензинінің шекті бағасы 205 теңгеге дейін және дизельге литріне 295 теңгеге дейін көтеріледі.

Бұған дейін бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанармай құю бекеттерінің иелеріне ЖЖМ сатуды шектегені үшін жауапкершілік туралы ескертті.