«Индустриальная Караганда» газетінің 75-ші дәстүрлі жеңіл атлетикалық эстафетасына қатысуға шақырамыз

Құрметті қарағандылықтар және қала қонақтары, Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына арналған облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің 75-ші дәстүрлі жеңіл атлетикалық эстафетасына қатысуға шақырамыз! Эстафета 2022 жылдың 1 мамырында Қарағанды ​​қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде өтеді. 29 сәуір күні сағат 14.00-ден бастап Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайында аталмыш эстафетаға қатысуға өтініштер қабылданады. Анықтама телефоны: +7 775 808 01 20; 41 04 94.