І. Оспанов: Мемлекет орта және жоғарғы деңгейдегі қайта өңдеуді барынша қолдауға тырысады

Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар әзірленіп, бекітілді. Осы Қағидалар шеңберінде несие өтеу қабілеттілігі, шикізат бағасын толық көлемде белгілеу шарттарымен үшжақты келісімдер жасалып жатыр. Бұл механизмді ҚР ИИДМ комитетінің басшысы Ілияс Оспанов ОКҚ алаңында сөйлеген сөзінде түсіндіріп өтті. Яғни, саясат шеңберінде мемлекет орта және жоғарғы деңгейдегі қайта бөлуді барынша қолдауға тырысады — бұл қосылған құны жоғары өнім. Ал шикізат аз сақталады.


«Бірақ мұнда бір механизм бар. Бұл шикізат ел аумағынан экспортталмай, ел ішінде өңделуі үшін шикізат өндірушілермен келісеміз және осы шикізат біздің кәсіпорындарға ықтимал жеңілдікті бағамен жеткізілуі үшін келісімдер жасаймыз. Содан кейін олар елден тыс басқа өндірушілерден бәсекелестік артықшылықтарға ие болады. Қазір алюминий бойынша нақты шарттар бар, КРІ зауыты бойынша пысықталуда: отандық кәсіпорындар үшін қанша пайыз жеңілдік болатыны туралы түсінік бар. Жалпы алғанда, бұл біздің кәсіпорындардың басқаларға қарағанда тиімді шарттармен шикізат алуына жақсы серпін береді. Дайын өнімді өткізумен қамтамасыз ету және ішкі нарықты жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялардың қатысуымен жаңа тауарлармен молықтыру мақсатында оффтек келісімшарттар мен офсет келісімдерді пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл да жаңашылдық. Мұндай шарттар өмірде бар екенін бәріміз де білеміз, бірақ біздің заңнама бұған дейін реттемеген. Қазір тек «Самұрық» аясында ғана 200-ге жуық оффтек келісімшартқа қол қойылды. Бұл ретте олар локализацияға, жаңа өндірістер құруға, ал офсет келісімшарттар көлік пен инвестициялар тартуға бағытталатын болады», — деп атап өтті спикер.