Халықтың қолдауы маңызды
Жұрттың пікірі маңызды. Қала әкімі Мейрам Кожухов Федоровкадағы қараусыз қалған Мәдениет үйінің тағдырын түпкілікті анықтап, қала тарихымен тамырлас болған ғимаратты не қалпына келтіруді , не бұзуды ұсынып отыр.
Мейрам Кожухов бір кездері қызмет еткен Федоров мәдениет үйінің ғимаратын назарға алды. Сыртынан фильмге арналған жиынтық сияқты көрінсе, іші одан бетер аянышты және күйреу жағдайында болғандықтан адам өміріне қауіп төндіреді. Тонаушылар қолынан келгеннің бәрін іріктеп алуға, бұзуға, шығаруға тырысқан, бұл бір кездері коммуналдық меншіктен шығып, жекеменшікке сатылған ғимарат, иесі бар екеніне қарамастан ғимарат қиратылған.
Қасбетінде колонналары бар және іргелес алаңға қарайтын жарты шеңбер балконы бар үш қабатты ғимарат өткен ғасырдың 50-жылдарында ҚарЛаг тұтқындары – жапондық әскери тұтқындардың қолымен салынған. Зәулім ғимарат бүкіл Қарағанды облысының демалыс орны болды. Мұнда концерттер, фильмдер көрсетіліп, би кештері өткен. КСРО ыдырағаннан кейін, 90-жылдардың басында тарихи-мәдени құндылығы өте зор Федоров атындағы мәдениет үйінің ешкімге пайдасы жоқ болып шықты. Қаланың да, ғимарат иесінің де жөндеуге ақшасы болмаған.
– Бұл жерде сахна болуы керек. Саран қаласындағы мәдениет үйінің көшірмесі. Сіздің меншігіңізге өткеніне тоғыз жыл болған. Оның алдында қаншама жыл бос тұрды. Үлкен залы, кіші залы бар. Үйірмелер ашуға болады емес пе? – деп сауал қойды қала әкімі ғимарат иесіне.
Көп жылдан бері көтеріліп келе жатқан бұл ғимараттың мәселесіне билік ақыры араласты. Олар иесін тапты, ол құжаттарды ретке келтірді, билік ғимаратқа баға берді, бірақ олар әлі де құрылыс сараптамасын қажет етеді – оны қалпына келтіруге бола ма, жоқ па уақыт еншісінде.
– Мында көпірге дейін аллея орнатуға болады. Мен көпірден жеке жол жасап, осы ауданға жеке жол жасау жоспарымды айттым. Қымбат болсада, жоба жақсы. Бұл мәдениет үйін қайта қалпына келтіруіміз керек. Болмаса тағдырын шешу керекпіз, – деп атап өтті Мейрам Кожухов.
Бұл ауданда мәдени-демалыс шараларын өткізу үшін бас қосатын орын жоқ, сондықтан бұдан да үлкен мәселе туындап, қала басшысы өз ойын ортаға салып, тұрғындардың пікірін білгісі келеді.
– Менің сұрайын дегенім, тұрғындар бұл ғимаратты қайта қалпына келтіруге қалай қарайды? Кез келген нысанды қалпына келтіруге болады. Бұл нысанды бұзып, жаңасын салған дұрыс па? Қара халықтан кеңес сұрап, ақылдасқым келеді. Өз ойларыңызды айта кетсеңіздер, – дейді қала әкімі Мейрам Кожухов.
Жұпар АМАНБАЙҚЫЗЫ, «QH»