Халықтың белсендігі тәнті етті. ШЫҰ Бас хатшысы референдумға жоғары баға берді
Халықаралық байқаушылардың ақпараттық орталығында шетелдік байқаушылардың брифингі Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин референдумға бақылаушы ретінде қатысып, оған жоғары баға берді.
Бүгін маңызды референдум күні. Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер енгізуге байланысты өтіп отыр. ШЫҰ байқау миссиясын жіберді. Осы ретте әріптестеріммен бірге өз міндетімізді орындадық, — дейді ол.
Миссияның құрамында 17 бақылаушы бар. Олар — ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің заңнамалық және билік тармақтарының өкілдері.
Кеше Орталық сайлау комиссияның төрағасымен пікір алмасып, референдумды ұйымдастыру және өткізу тәртібімен таныстық. Бүгін таңертеңнен бері бақылау жұмысымызды бастадық. 5 топқа бөлініп, кем дегенде 24 референдум учаскесіне барып, байқау жұмыстарын жүргіздік. Барлық дауыс беру учаскесінде тұрғындармен, сайлау комиссиясы мүшелерімен, басқа да ұйымдардың бақылаушыларымен сұхбаттастық, — деп атап өтті Чжан Мин.
Оның айтуына қарағанда, басқа әріптестерімен сөйлескенде референдумның ұйымдастыру және дайындау барысы жоғары деңгейде екенін байқаған.
Дауыс беру процесі тәртіпке сай өтіп жатыр. Дауыс берушілермен сөйлескен кезде бізді олардың референдумға қатысуға белсендігі тәнті етті. Сондай-ақ заңды бұзу фактісі тіркелген жоқ, арыз-шағымдар да болмады. Қазір дауыс беру жалғасып жатыр, осы ретте миссия өз қызметін жалғастырып жатыр, — деп түсіндірді Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы брифингте.
Шетелдік бақылаушы миссия мүшелері өз міндеттері мен құзыреттерін орындап жатқанын қоса кетті.
Комиссия мүшелерімен кездескенде олардың өз жұмысын өте жауапты орындап жатқанын ерекше атап өткім кереді. Қазақстан халқына керемет келешек, «Жаңа Қазақстанның» көркейе беруіне шын жүректен тілектеспін, — деп лебізін білдірді Чжан Мин.
Фото: автордан