Халық денсаулығының сақшыларына арналған мереке

Биыл алғаш рет 15 қыркүйек – санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерлерінің күні ретінде аталып өтпек. Бұл күн – елдің санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, халықтың денсаулығын қорғау жолында қажырлы еңбек етіп жүрген мамандарға көрсетілген құрмет.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет тарихында халықтың денсаулығын сақтауға  өмірін арнаған адамдардың есімдері ерекше орын алады. Осындай адал мамандардың бірі – кәсіби жолы 30 жылдан асатын Бағдат Қайыржанқызы Әубәкірова.

Бағдат Қайыржанқызы өзінің еңбек жолын 1980 жылдың қыркүйегінде Көкшетау қаласындағы медициналық училищені бітіргеннен кейін бастады. Алғашқы  жұмыс орны – Щучинск қаласы, онда медбике болып жұмыс істеді. Білімге деген ұмтылыс пен адамдарға көмектесуге деген ниет оны Қарағанды мемлекеттік медицина институтына оқуға түсуге ықпал етті, онда 1989-1995 жылдар аралығында медициналық-профилактикалық факультетте оқыды.

Институтты бітіргеннен кейін Бағдат Қайыржанқызы Қарағанды қаласы Совет ауданы санитарлық-эпидемиологиялық станциясының эпидемиологиялық бөліміне жұмысқа келді. Мұнда оның халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын сақтау саласындағы ұзақ және жауапты жолы басталды. Жұмыс жылдарында тек қызмет атаулары өзгергеніне қарамастан, оның кәсіби бағыты өзгеріссіз қалды. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын бақылау, жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алу, санитариялық нормаларды сақтау мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру. Басты міндет әрқашан аурулардың алдын алу және адамдардың денсаулығын сақтау болды.

Ол  осы салада  30 жылдан астам уақыт қызмет етті, 2022 жылы еңбек сіңірген демалысына шыққаннан кейін де өзінің сүйікті ісін қалдырмады: бүгінде ол Қарағанды қаласындағы үлкен емханалардың бірінде эпидемиолог болып жұмыс істейді, осы уақытқа дейінгі жинаған мол тәжірибесі заманауи медицинаның міндеттерін тиімді шешуге көмектесіп келеді. Оның еңбек жолының ерекше кезеңі COVID-19 пандемиясы кезеңі болды. Сол кезеңде эпидемиологтың жұмысы ерекше маңызға ие болды. Оның бақылауымен эпидемияға қарсы шаралар жүргізілді, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, медициналық ұйымдарға әдістемелік көмек көрсетілді. Бағдат Қайыржанқызы жүктеменің жоғары кезінде және денсаулық үшін қауіп төніп тұрса да шынайы кәсіби батылдық пен өз ісіне адалдық дәрежесін танытты.

Бағдат Қайыржанқызы Әубәкірованың көп жылғы еңбегі пен жауапкершілігі бағаланып, марапаттарға ие болды: Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қарағанды облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Құрмет грамоталары мен төсбелгілеріне, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың алғысхаттарына ие болды.

Бүгінде медицина саласында еңбек етуді жалғастырған, мамандыққа адалдық пен өз ісіне деген сүйіспеншілік мыңдаған адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгерте алатындығын дәлелдеген, жас мамандарға үлгі болған білікті маман.