Халықаралық әйелдер күні

Құрметті, әйелдер қауымы!

Сіздерді көктем мерекесі – Әйелдердің халықаралық күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – сіздердің адалдықтарыңыз, төзімділіктеріңіз бен қамқорлықтарыңыз үшін алғыс білдіруге тамаша мүмкіндік. Сіздер айналаға мейірім, үйлесім мен жылулық сыйлайсыздар. Кәсіби жетістіктеріңіз бен отбасылық құндылықтарды шебер үйлестіріп, ұрпақ тәрбиелеп, қоғамды алға жетелеп келесіздер.

Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін. Әр күндеріңіз қуанышқа толы болып, барлық армандарыңыз орындала берсін!

Құрметпен,

Қарағанды қаласының әкімі

Мейрам ҚОЖУХОВ