ХҚКО мен арнайы ХҚКО-лардың мереке күндеріндегі жұмыс кестесі

Алда мемлекеттік үш мереке болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының барлығы, соның ішінде мамандандырылған орталықтар 1, 7 және 9 мамырда жұмыс істемейді.

4 мамырда (сенбі) орталықтар 18:00-ге дейін, кезекшілер 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

8 мамырда тек кезекші ХҚКО мен арнайы ХҚКО қызмет етеді. Олар сағат 13:00-ге дейін ашық болады.

10 мамырдан бастап фронт-кеңселер әдеттегі кестеге оралады: халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, кезекшілер жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күндері сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.