Үгіт бригадаларының мүшелері ардагерлер ұжымымен кездесті

А.ж. 15 қазанында Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының ардагерлер ұжымы арасында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алу және екпе туралы қажетті ақпарат алу мақсатында үгіт бригадаларының мүшелерінің қатысуымен профилактикалық кездесу өткізілді.


Үгіт бригадаларының мүшелері екпенің маңыздылығын атап өтті, өйткені олар тез иммундық реакцияны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тек екпенің пандемияның дамуын тоқтатуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сондай-ақ үгіт бригадаларының мүшелері екпе бойынша ұсыныстар беріп, кездесуге қатысушыларды өздерін және бір-бірін қорғауға, медициналық мәселелерде білім деңгейін арттыруға, ұжымдық иммунитетті мүмкіндігінше тез қалыптастыру үшін аурудың алдын алу бойынша ұсыныстарды сақтауға шақырды.
Кездесуге барлығы 55 адам қатысты. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!