«Газдандыру мәселесін қайта қарастыру қажет»
— Осыған қарамастан біз «Сары-Арқа» орталық магистралі бойынша газ беруге дайынбыз, — деді «КазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының қаламыздағы филиалының директоры. — Биыл Жезқазған мыс балқыту зауытын іске қосу жоспарлануда. Онда елеулі тұтыну көлемі — жылына шамамен 84 миллион текше метр. Бұл тасымалдау көлемін арттыруға және халық үшін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Қарағандылық кәсіпкерлер де газ құбырларын қосуға өтініш білдіріп отыр. Егер шағын және орта бизнес өкілдері жылдамдатса, осы жылдың соңына дейін орталық газ құбырына қосылуларына болады.
Сонымен қатар, Талғат Қызылбаевтың айтуынша, ұлттық оператор әлеуетті тұтынушылармен арнайы техникалық шарт арқылы жұмыс істеуді жалғастыруда
Жеке сектордың тұрғындары барлық қажетті материалдарды, қазандықтарды өздері сатып алады. Қажет болған жағдайда, пешті қайта жабдықтайды. Сымдарды өткізуге де, жабдықты орнатуға да мамандарды өз қаражаты есебінен шақырады. Тек газ есептегіш тегін беріледі.
Айта кету керек, бірінші қарашадан бастап «КазТрансГаз Аймақ» таратушы желілер арқылы газ тасымалдау тарифін бекітті.
— Тұтынушылардан әзірге қосылған құн салығымен бірге текше метр үшін 36,190 теңге алынады. Алайда, негізгі баға бұл емес, — деп нақтылады филиал басшысы. — Үшінші компонентті іске асыруға қанша қаражат жұмсалғаны нақтыланғаннан кейін тұрақты баға белгілі болады. Тек содан кейін біз тұтынушылардан бір текше метр газдың негізгі құнын талап етеміз. Бірақ облыста, атап айтқанда өнеркәсіптік кәсіпорындар арасында тұтынушылар неғұрлым көп болса, тариф соғұрлым төмен болады.
Десе де, қарағандылықтар жылу жүйесінің осы маусымда қатты отыннан табиғи газға ауыстырылатындығына күмәндануда. Тұрғындар бұл ойын Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың қатысуымен өткен Қоғамдық кеңес отырысында хабарлады.
Қалалық Қоғамдық кеңестің бір комиссиясының төрағасы Николай Абттың пікірінше, егер Ұлттық оператор ірі кәсіпорындарды Қарағандыдағы орталық газ құбырына қоспаса, онда көгілдір отын тарифі қарапайым адамдар үшін жоғары болады.
— Шағын жеке үйді суық мезгілде жылыту үшін орта есеппен 100 мың теңге қажет, — деді ол. — Бұл қалыпты жағдай. Көмекші жабдықтары бар стандартты қазандықты қосу және сатып алу құны өте қымбат. Бірден 300- 500 мың теңге төлеуге кезкелген адамның мүмкіндігі бола бермейді. Оған қоса, өзге де шығындар өте көп. Өйткені, бір текше метр үшін тарифтің бағасы әлі белгісіз. Дәл қазір тұрғындарға газ құбырына қосылу тиімсіз. Егер ірі кәсіпорындар бірінші болып қосылса, қарапайым халық үшін шығын көлемі аз болады. Тиісінше, әлеуетті тұтынушылар арасында сұраныс артады. Менің ойымша, «КазТрансГаз аймақ» мұны ескереді. Өйткені, оларға, ең алдымен, төлемге қабілетті клиенттер қажет. Қарағандыда газдандыру процесін түбегейлі қайта қарау қажет деп санаймын. Сондай-ақ, шешім шұғыл түрде қабылдануы керек. Егер мемлекет халық үшін субсидия төлеуге дайын болса, онда бұл басқа мәселе.
Шаһар басшысы Ермағанбет Бөлекпаевтың айтуынша, бір текше метр газдың құны елордадағы бағадан асып кетпеуі тиіс. Ел астанасында бір текше метр газдың бағасы – 36,4 теңге.
— Біз тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларды орталық газбен жабдықтауға қосылу мәселесін пысықтауымыз қажет, — деді ол. — Аз қамтылғандарға бөліп-бөліп төлеуге келісу мүмкіндігін қарастыру керек. Қазір Нұр-сұлтан қаласының тәжірибесіне сүйеніп, жұмыс жасаудамыз.
Ақзия ОРАЗАЛИЕВА,
QH.