Фермерлер үшін дизель отынының бағасы өзгеріссіз қалады

Фермерлер үшін дизель отынының бағасы өзгеріссіз қалады – МӨЗ қақпасынан 1 тонна үшін 222 мың теңге немесе 1 литр үшін 184 теңге (немесе ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің (АШТӨ) операторларының шығыстарын ескере отырып, орта есеппен 1 литр үшін 204 теңге).

Көктемгі дала жұмыстарына бекітілген көлем – 413 мың тонна – АШТӨ операторларына басым тәртіппен тиеп-жөнелтілетін болады.

Мәселен, ақпан айында 82,1 мың тоннаның 77,4 тоннасы немесе 95,4%-ы, наурыз айында 102,2 мың тоннаның 78,4 тоннасы немесе 77%-ы тиеп-жөнелтілді.

Ең бастысы, өтінімдер, төлем және вагондар-цистерналар уақтылы беріліп отыруы тиіс.