Фейк: «Мектептерде балаларға ата-аналардың пікіріне қарамастан екпе салады»

Танымал қазақстандық Telegram-чатта жаңа бір нормативтік-құқықтық акті туралы ақпарат тарады. Пайдаланушылардың айтуынша, онда мектептерде балаларды ата-аналардың келісімінсіз COVID-19-ға қарсы егетіні туралы норма жазылған. Бұл жалған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мұндай нормативтік-құқықтық акті туралы ақпаратты жоққа шығарды.

– Мұндай НҚА жоқ. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда балаларды КВИ қарсы вакцинациялау тек ата-аналардың жазбаша келісімімен ғана жүргізілетінін мәлімдеген болатын.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.