Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналардың аса қауіпті екендігінің дәлелдері табылды»

Қазнет қолданушылары COVID-19-ға қарсы вакциналардың қауіпті екендігіне дәлелдер келтірілген бейнероликті талқылауда. Кадрларда АҚШ әскерінің подполковнигі Тереза Лонгтың сөз сөйлеп тұрғаны көрсетілген, онда ол вакцинацияның жанама әсерлері бақыланбайды, дәрі-дәрмектің өзі жеткілікті зерттелмеген, ал сарбаздарды қорқыту мен бопсалау арқылы егуге мәжбүрлеген деп мәлімдейді. Бұл жалған.

Тереза Лонг COVID-19 қарсы вакциналар туралы жалған хабарламаларымен танымал. Мысалы, ол кеңінен тараған фейктің авторы. Оның айтуынша, мРНҚ препараттарында антифриз бар. Кейінірек бұл мәлімдемелер жоққа шығарылды.

Қазіргі кезде тараған сөзде Тереза Лонг бірнеше жаңсақ пікір келтіреді. Біріншіден, ол вакциналар тек екі ай бойы ғана сыналды дейді. Шын мәнінде, сынақтар төрт айға созылды және фазалар бірінің-соңынан бірі емес, қатар өткендіктен осыншама аз уақыт жұмсалды.

Ғалымдар осындай қысқа уақыттың ішінде қалай вакцина әзірлеп шыққаны туралы біз толығырақ жазған болатынбыз.

Екіншіден, Тереза Лонг вакциналардың жанама әсерлерін ешкім бақыламайды немесе тексермейді деп мәлімдейді. Бұл өтірік. Әр түрлі елдерде екпе салдарын бақылау жүйелері құрылған. АҚШ-та – VAERS жүйесі. Онда кез келген адам ақпарат қалдыра алады. Жүйеге келіп түскен барлық хабарламалар тексеріліп, тергеледі.

Үшіншіден, Лонгтың сөзінше, COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация Нюрнберг кодексін бұзады. Бұл олай емес. Иммундау келісім бойынша жүзеге асырылады, бұл тәжірибе емес және зиян келтіруден гөрі аурудан қорғауға арналған. Демек, COVID-19-ға қарсы вакцинация кодексті бұзбайды. Мұны мамандар мен БАҚ та растады.

 

Подполковниктің төртінші тезисі АҚШ сарбаздарын вакцинациялауға мәжбүрлеу туралы. Шындығында, мұны дәлелдейтін құжаттар жоқ. Бүгінгі күні әскери қызметшілер қатарында егілмеген адамдар бар. BBC мәліметтері бойынша, АҚШ-та сарбаздардың тек 88%-ы ғана толықтай вакцинацияланған.

Демек, Тереза Лонгтың вакциналардың зияны туралы айтқан ақпараты ішінара негізсіз және жартылай өтірік болып табылады.