Есірткіге қарсы акция өткізді

Есірткі адамның денсаулығына ғана емес, қоғам үшін де қауіпті. Әсіресе синтетикалық есірткілердің кең таралуына мемлекет алаңдаулы. Осындай орайда 2023 жылғы 12 мамырда Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері «Алматы – Қостанай» бағытындағы №043 үгіт пойызында профилактикалық шара өткізді.

Үгіт пойызы Алматы станциясынан шыққан еді. Үгіт пойызы Қарағандыға жеткен тұста, ЖПБ қызметкерлері Қарағанды-Жолаушылар станциясында пойыз жөнелтілгенге дейін 10-15 минут бұрын теміржол вокзалында динамик арқылы мынадай мәтіндегі ақпаратты хабарлады:

«Көліктегі полиция департаменті «ҚТЖ» ҰК акционерлік қоғамымен бірлесіп «Үгіт пойызы есірткіге қарсы» акциясын өткізуде. Осыған байланысты Алматы станциясынан №043 жолаушылар пойызында «Алматы – Қостанай» бағытындағы жол жүру жолында есірткі құқықбұзушылық жасалған жағдайда, құқықтық салдар және отбасы мүшелері мен жақын адамдар арасында нашақорлық белгілерін анықтау әдістері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізетін полиция қызметкері жүретін болады».

Содан кейін аталған бөлімшенің қызметкерлері жолаушыларға есірткіге қарсы мазмұндағы буклеттер таратты.

Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы ЖПб