Ерлік — елдікке жеткізер

Қарағанды гарнизонындағы механикаландырылған бригаданың сарбаздары Кадет сыныбының оқушыларына «Ерлік сабағын» өткізді.
Ашық сабақ барысында оқушылар мен әскери қызметшілер батырлардың кемеңгерлігі, батылдығы және патриотизм туралы пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті. Шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты отанды сүйгіштікке, елді құрметтеуге баулу.

— Болашақ дәл бүгіннен басталады, ал төл тарихымызды білу және қастерлеп құрметтеу, мына біздің міндетіміз. Егемен елімізді қорғау әр азаматтың қасиетті борышы деп білемін. Бүгінгі шарадан көп нәрсе түйдім. Біз сияқты мектеп қабырғасындағы оқушыларға осындай шаралар жиі ұйымдастырылғаны жақсы, — деді 9-сынып оқушысы Мөлдір Смағұлова. 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының​ Қарулы Күштері қатарында қызмет атқару ерекшеліктері мен мемлекет тарапынан көрсетілер көмек жайыда айтылды. Оқушылар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН