Ерлерге құрмет көрсетілді
Қарағанды облысы ТЖД-ның екі қызметкері Абай облысында төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін мемлекеттік марапатқа ие болды. Барлығы 22 қазақстандық марапатталды.
Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мамандандырылған жасағының бөлімше командирі, азаматтық қорғау сержанты Бекболат Жиренов «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. 2016 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет етеді.
Ілияс Қасымов Балқаш қаласының №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімшесін басқарады, ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған. 2015 жылдан бастап қызметте.
Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министр Ибрагим Күлшімбаев Абай облысындағы өртті ауыздықтауға атсалысқандарға мемлекеттік награда табыс етіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысын жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, 8 маусымда «Семей орманы» Батпаев орманшылығының аумағында орман өрті өршіген болатын. Сол күні Қарағандылық өрт сөндірушілер Абай облысына көмекке аттанды.