Еріктілердің еңбегі ерен

Мемлекет басшысы жариялаған «Қоқыссыз таза табиғат» жалпыұлттық экологиялық шарасына Қарағанды облысының 17 мыңнан астам тұрғыны қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, волонтерлер, оқушылар мен студенттер бар.

Табиғат жанашырлары саябақтар мен аллеяларды, суқоймалар жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазалап, шамамен 84 гектар жерден 2 мың тонна қоқыс шығарған. Ал аула клубтарының балалары қаланың қақ ортасымен ағатын Бұқпа өзенінің арнасын аршып, 30 қап қоқыс жинады. Белсенділері бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Біз 25 қазан Республика күніне дейін қайырымды 25 іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз. Соның бірі – осы сенбілік. Әрі қарай аз қамтылған отбасыларға көмектессек деген ойымыз бар. Қарияларды қалаған жеріне жеткізу, құстарға ұя жасау секілді көптеген жұмысты алдағы күндері атқарамыз, – дейді Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ләззат Ақылжанова.

Асыл АЙБЕК,

«QH»