Еріктілер жалғызбасты зейнеткерлер мен ардагерлер ауласын тазалауға көмектесуде

 

Жеңіс күні қарсаңында және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында ЖРО волонтерлері және «Сервис» колледжінің студенттері 97 жастағы Ұлы Отан соғысының майдангері Рассказимов Николай Григорьевичтың тұрып жатқан үйінің ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Рассказимов Николай – Ұлы Отан соғысының ардагері. Соғыс жылдарында Қызыл Армия қатарына шақырылып, Бірінші Қиыр Шығыс фронтында атқыштар бөлімінің командиры болған. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батылдығы үшін екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен және «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Николай Григорьевич сияқты соғысты көзімен көрген ардагерлердің қатары жыл санап сиреп барады. Барша жастарды ерліктің озық үлгісін көрсеткен, бүгінде көзі тірі ардақты ардагерлерімізге құрмет көрсетіп, қамқорлық танытуға шақырамыз! Қан майданда жаумен арпалысып, бейбіт күн сыйлаған қаһармандарымызды еске алып, ұлықтау – біздің қасиетті борышымыз екенін ұмытпайық.