Эпидахуалды бағалау матрицасы: Атырау облысы «сары» аймаққа өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — 19 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта : Алматы, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.
Айта кетейік, кешегі жағдай бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта тұрған еді.